Қатып қалды

lat: Qatyp qaldy

а) Сіресіп қимылсыз қалды; икемге келмеді. Қарайтұғын Суретіне бас алмай, Қара тастар, Ала тастар Жасаудай. Қара нарлар қ а т ы п  қ а л ғ а н секілді, Қаратаудың қабағынан аса алмай (С.Мәуленов, Алыс кет.). Көпір аяқ кең салған Кісі бойы ибейі, Қ а т ы п  қ а л ғ а н темірдей Жеті қарыс кегейі (О.Шипин, Дастан.). Бір-бірімен тіресіп, Барайласын түгесіп. Бірін-бірі ала алмай, Қ а л д ы  қ а т ы п, сіресіп (C.Жиенбаев, Алтын қалам). ә) Аштықтан, аурудан жүдепадады, ет алмады, толмады. Қармақтай жүдегеннен қ а л д ы  қ а т ы п, Батпақты судан өтті белден батып. Жүргенде шетелдерде азып-тозып, Күн көрді кино құрып таңырқатып (О.Шипин, Дастан.). б) Таңғалғаннан, қорыққаннан, шошығаннан т.б. сезімдердің әсерінен қимылсыз тұрып қалды, мелшиді. Шыққандай менің кеудемнен, Тыңдадым жатып осы үнді... Қ а л ы п п ы н  қ а т ы п сол жерде, Шалғынға басып төсімді (C.Жиенбаев, Алтын қалам). Қ а л д ы  қ а т ы п құлақ түріп зар үнге, Қаралы жас, қара киім бәрінде. Жер қайысқан қалың нөпір көтеріп, Біреуді алып бара жатты қабірге (C.Жиенбаев, Алтын қалам).