этн. Шапан, камзол, бешпет, тақия, күпі, кимешек, жаулық, кебіс, мәсі, көйлек, ішік сияқты т.б. жүн, жібек матадан, киізден, аң терісінен тігілген қазақ халқының ою-өрнегі, нақышы салынған киімдері. Қ а з а қ х а л қ ы н ы ң ұ л т т ы қ к и і м д е р і н д е тұрғындардың географиялық, ру-тайпалық ерекшеліктері де көрінеді және ол көбіне баскиім мен шапаннан байқалады (ҚҰЭ). Қ а з а қ х а л қ ы н ы ң ұ л т т ы қ к и і м д е р і н і ң ішінде аяқкиім, соның ішінде етіктің биік өкше, жармақ қоныш, тіремелі, көксуыр, саптама, жұмсақ табан, үшкіл тұмсық, шоңқайма түрлері қымбатқа түскен (ҚҰЭ).