этн. Қойдың жүнін түрлі-түсті етіп, бояп, иіріп ою-өрнек салып, төрт бұрышты етіп тоқылған ұлттық үй жиһазы. Қазба жұмыстары арқылы белгілі болған байырғы сақ, ғұн, үйсін кілемдерінің тоқылу, көркемделу тәсілдері мен негізгі пайдаланған ою-өрнектері қ а з а қ к і л е м үлгілерімен өте ұқсас (ҚҰЭ). Қ а з а қ к і л е м д е р і н і ң түкті және тықыр түрлерінде негізгі үлкен гүлдері «күмбез, жиектеріндегі текшелі өрнектер «қорған» деп аталып, оны қуалай күлгін түсті «су» өрнегі жүргізіледі (ҚҰЭ).