lat: Qazaqsha et bálishi
бұл бәліш ашытқан қамырдан пісіріледі.
Ол үшін ашытқы мен қант жылы суға езіліп, көтерілуге қойылады. Ол көтерілген соң ұнға айран немесе шикі сүт, ерітілген сары май құйылады да, қаймақ салынып, әлгі ашытқымен араластырылады. Сөйтіп қамыр иленеді. Ол май жағылған стол үстіне салынып, 15 күлшеге бөлінеді. Бір айта кететін мәселе - бәліш дайындалғанда столға ұн себіліп, май жағылады. Бәлішке ет фаршы былай дайындалады: ұсақтап туралған ет ірі көзді ет тартқышпен тартылады. Оған ұсақтап кесілген пияз қосылады да, тұздалып, бұрышталады. Су құйылып араластырылады. Сонымен осы фарш салынған күлшенің жиектері жапсырылып, ортасына саңылау қалдырылады да, дөңгелек домалақ формаға келтіріледі. Сөйтіп май қыздырылған табаға саңылауы жағы төмен қаратылып салынады да, аудармалап отырып қуырылады.