Қазіргі кездегі бояулар

lat: Qazirgi kezdegi boıaýlar

кәдімгі бояулардан айырмашылығы (металдарды жемірілуден сақтауға, декоративтік-көркемдік және санитарлық-гигиеналық мақсаттарға пайдаланатын) баспа бояуларының бірқатар өзіне тән қасиеттері болады. Қағаздың немесе қатырма қағаздың сыртқы бетіне бір түсті немесе көп түсті графикалық бейне-суреттерді түсіру үшін олар қағаздың бетіне жұқа қабат болып жағылып, тесіктері мен өзектерге ене отырып, оған тез сіңуге тиіс. Полиграфия өнеркәсібінде қолданылатын баспа бояулары басты екі бөліктен: түсті ұнтақ пигмент пен байланыстырушы заттардан тұрады. Пигменттер (бояйтын заттар) өз кезегінде өзінің пигменттеріне, бояғыштарына және түр ерекшеліктеріне бөлінеді.