lat: Qoıý
Қой етістігінің қимыл атауы.
1. Орналастыру, жайғастыру.
Шоқанның өзімен де ақылдасармыз. Оған кісі жіберіп шақырту керек те, алдынан үй тіктіріп қою керек (С.Мұқанов, Аққан жұлдыз).
2. Қалдыру, сақтау.
Қазақ қолынан келетін нәрсе үйдің терезесін алып, есігін ашып, бір жұмадай бос қою керек, сонда жел һәм таза һауа кіріп, үйді тазартады (Х.Досмұхамедұлы, Таңд.).
3. а у ы с. Тоқтату, доғару, тию.
Асықпаған арбамен қоянға жетеді. «Анау бәлен болды, мынау түген болды» деген күншілдікті де қою керек (Х.Досмұхамедұлы, Таңд.).
Болмаса шын дәреті әуелі іштен. Дүниеге тою да жоқ, қою да жоқ, Қапшығын қанағаттың тышқан тескен! (Ақмола ақын, Күндер.).
4. Жерлеу, көму.
Қазақтардың дәстүрі бойынша, жоғарыда айтқанымыздай, өлген адамды жат қорымға қоюғa әсте болмайды («Парасат»).