lat: Qoıý
сын. 1 . Қалың, тығыз (мұрт).
Жұрт дүрліге ойысып, ұрандады,
Аруақтарын шақырды, тұра алмады.
Қою шаңнан үзіліп жалғыз қара
Жалғыз дара ойнақтап, қылаңдады (1,189).
Көзімжанның көз алдынан қою мұртты, ірі сүйекті, биік Бизақ бастық кетер емес (4,178).
2 . Ештеңе көрінбейтін, қап-қараңғы (түн).
Даланың қою түні-ай балбыраған!
Жұлдыздың көзін қара жаудыраған.
Таулардың өзін қара абдыраған,
Қалғыған қабағы анау салбыраған (4,104).
Түн. Күздің қара қошқыл қою түні (4,140).