lat: Qoıan
з а т. з о о л. 1. Құйрығы қысқа, артқы аяқтары ұзындау келген, ұзын құлақ кішілеу аң.
Боран. Боран. Ақ боран ой да, қыр да, Бар қаһарын төгуде қойлы ауылға. Бұққан қоян секілді қыстау жатыр, Бұғып алып таудың бір қойнауына (М.Мақатаев, Шығ.).
Жоқ, болмады... Жаз да қайтты, Күз түсті. Одан сайын қайрап бақтық біз тісті. Қасқыр түспей, Қоян түсті қақпанға, Ал тұзаққа – Даңқ түспей – Қыз түсті (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан).
2. з о о л. <лат. leporidae> Кеміргіштер тобына жататын ұзын құлақ сүтқоректі жабайы аң (не үй жануары).
ХХ ғасырдың басында қояндарға тауықтың тырысқақ дертінің бацилласын жұқтырған Пастердің алғашқы тәжіри белерінен кейін биологиялық қарудың бактериологиялық түрін жасап дамыту жұмысы ғылыми жолға қойылды («Айқын»).