ҚОЯНША

lat: Qoıansha

ү с т. Қоян тәрізді, қоянға ұқсап.

Ол Әлібектің қасқырды қоянша ұстайтын қара тазысын қалап алды (Ш.Айманов, Қыран.).

Соның ішінде ақ боз ат қоянша қарғып бір бүйірде шауып бара жатты (X.Есенжанов, Тар кезең).

Алдынан сөре, артынан қиқу таялса, Бұзау тіс қамшы бұтынан шақса шаянша, Құлажирен ат құйқылжып шығып баянша, Құла бір дөңнен құлдырар еді қоянша (Ж.Жақыпбаев, Ләйлә).