lat: Qobyz kúıleri
Музыка танушылардың зерттеулеріне сүйенсек, қазақ даласындағы музыкалық аспаптардың ең көнесі қобыз болып табылады. Тіптен олар қобызды дүние жүзіне тараған ыспалы аспаптардың атасы болған деп те таниды. Өйткені, қобызда орындалған күйлер ең көне күйлерге жатады. Сондай-ақ, оның құрылымы да күрделі болып келеді. Зерттеушілер қобыз күйлерін Қорқыт атадан бастау алады деп, оның шығармаларын атақты қобыз күйшісі Ықылас жеткізгендігін айтады. Ілкіде қобыз абыздар мен бақсылардың ерекше тылсымдық мәнге ие ғұрыптарды орындауына қолданылғанын ескерсек, қобыз күйі көне мәдени қауымдастықтың діни мұқтаждарын өтеуге қызмет етті.