Қол пулемёті

lat: Qol pýlemóti

атқыштар (жаяу әскерлер) бөлімшесінің автоматтық қаруы. Ол жаудың топталған немесе жекелеген нысанасын 800 м қашықтықтан, ұшақтарын (парашюттерін) 500 м биіктіктен жоя алады. Оны бір солдат алып жүре алады, ал ұрыс кезінде 1-2 солдат атады. Қол пулемёті атқыштар қаруының жаңа түрі ретінде XX ғасырда пайда болды. Алғаш peт 1904-1905 жж. орыс-жапон соғысында қолданылды. Қол пулемёті жоғары маневрлілігімен жаяу әскерлердің ұсақ бөлімшелерінщ негізгі қаруы болып табылады. Қол пулемётімен атыс дүркін-дүркін жүргізіледі (1 мин. 3-6 атыс.) 1927 ж. Кеңес Армиясының қаруына В.А.Дегтяревтің ДП Қол пулемёті алынды. Бұл пулемет Қол пулемёті түрлерінің ең жақсысы болды: салмағы жеңіл, құрылысы оңай, сенімді, 1941 1945 жж. Ұлы Отан соғысы кезінде ДП пулеметі жетілдіріліп, ДПМ деп аталды.