Қол қою

lat: Qol qoıý

р е с м и. Белгілі бір құжат мәтініне жауапты, қатысы бар құзырлы адамның қолтаңбасын жазуы. Сенат депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен қабылданған жоба заңға айналады және он күннің ішінде Президенттің қ о л  қ о ю ы н а беріледі (ҚР Конституциясы). Барлық айтылар жайлар айтылып, ендi қол қоярға келгенде Үржар штабының бастығы Романенко Аякөз жайын сөйлемей, бүгiн облыс туын алып отырған Шар жайын сөйлеп, көңiлiн сол жаққа ғана салып отыр. Қ о л  қ о ю ғ а да асыққан жоқ (М.Әуезов, Шығ.).