lat: Qol tapsyrý
Серт беру, уәделесу. Уфа мүфтиінен келген хат – осы хабарға орай садақа беріп, қ о л т а п с ы р у ғ а сүнниттерді түп-түгел шақырыпты (Ж.Молдағалиев, Самал.). Тапсыру пункті. Қабылдау орны. Мәшине үсті толы қызылша. Ол т а п с ы р у п у н к т і н е тез жеткізгенше асығып барады екен (Ө.Күмісбаев, Жапырақ.).