Қолдан істелген [жасалған]

lat: Qoldan istelgen [jasalǵan]

с ө й л. а) Адамның жеке өзінің қол еңбегімен, қол өнерімен дайындалған; мәшиненің, автоматты құрылғылардың қатысынсыз. Қ о л д а н  і с т е л г е н печенье. ә) а у ы с. Әдейі, қасақана ұйымдастырылған; жасанды қылық көрсеткен; алдын ала дайындалған. Қ о л д а н  ж а с а л ғ а н дүние екені бесенеден белгіліуызекі). б) Шынайы емес, жасанды. Тумысынан бітпеген, әп-сәтте қ о л д а н  ж а с а л ғ а н мінезі де күлкі туғызады (Қ.Қуандықов, Серке Қожамқұлов.). в) Адам ойлап тапқан, табиғат, болмыста жоқ. Қ о л д а н  ж а с а л ғ а н, яғни мәдени істің бәрінде мін бар, мін бар, мінсіздік табиғатқа жарасымды. Демократия да адам баласы ойлап тапқан мәдени шара болмағандықтан, оның алдымен ізгілікке үйлесімді болғаны табиғи іс (“Қаз. әдеб.”).