Қопа

lat: Qopa

Шу-Іле тауларының шығыс сілемі Кіндіктас тауының солтүстік-шығысында орналасқан тау аралық жазық. Батысы Жамбыл облысының Қордай, шығысы Алматы облысының Жамбыл ауданына еніп жатыр. Қопа жазығы Қопа өзенін жарып ағады. Солтүстігінде Құлжабасы тауы Қопа жазығын Қараой жазығынан бөліп жатыр.