Қор нарығында не болып жатқандығын түсіну үшін, түрлі акцияларға салымының кірісін орташалау қажет. Ал, олардың саны нарықта мыңнан асады. Сондықтан, жалпы бағалы қағаздар нарығының жай-күйін пайымдау үшін инвесторға өлшеуіш құрал керек. Дәл осы құрал ретінде индекстер қолданылады. Индексті құру тәсілі әртүрлі. Сондықтан, бір мезгілде бір ғана нарықтың бірнеше түрлі (тіпті көптеген) индекстері болуы мүмкін. Индекстер нарықтың серпінділігі мен жай-күйін сипаттайтын, ондағы өткен өзгерістерді бақылап отыратын және келешектегі оның беталысын болжауға мүмкіндік беретін бағалы қағаздар нарығының индикаторы болып саналады. Листингтік компаниялар бағалы қағаздарының кірісі мен баға көрсеткіштері индекс есеп айырысының негізі болып табылады.