lat: Qor bırjasy
э к о н. Негізгі қызметі бағалы қағаздармен сауда жасауды ұйымдастыру болып табылатын, өз жұмысын қолданымдағы заңдарға сәйкес және биржа белгілеген қағидаларға сай жүзеге асыратын заңды тұлға.
Қор биржаларындағы құнды металдардың бағасы үнемі өзгерістерге ұшырап отырады («Қаз. әдеб.»).
Қорбиржасы – бағалы қағаздар (акция, облигация) сатылатын және сатып алынатын, өзінің тұрақты орны мен жұмыс уақыты бар, қатаң белгіленген тәртіппен тұрақты түрде әрекет жасайтын қаржы мекемесі (Б.Жүнісов,.. Нарық. экон. негіз.).