Қор биржасы

lat: Qor bırjasy

экон. Жергілікті үкімет органдары мен мемлекеттік емес компаниялар шығаратын құнды қағаздар жөнінде мәмілелер жүргізетін биржа түрі.

Қор биржасында жасалатын мәмілелер кассалық (сатып алынған құнды қағаздар ақысы екі-үш күн ішінде төленеді) және мерзімдік (акциялардың ақшасы бір ай ішінде төленеді) болып бөлінеді (ҚҰЭ).

Қор биржасында құнды қағаздардың нарқы сұраныс әсеріне, дивиденд көлеміне және процент мөлшеріне қарай өзгеріп тұрады (ҚҰЭ).