Қорықтық

lat: Qoryqtyq

1. Қойшылардың өрісте ешкіні саптыаяққа сауып, ішіне қызған малта тас салу арқылы пісіріп ішетін сүті. «Қойшылар бүркеншік тігіп жіберіп, қорықтық пісіріп ішуге кіріседі, күн қайтқанша армансыз ұйықтайды. (М.Мағауин) 2. Қорықтық құю. Түнде шошып жылайтын баланың үстінен қорғасын құю ырымы. «Тағы қорықтық құю ма, қара малдың өкпесімен көшіру ме?» (С.Торайғыров)