Қосүйлі мысықтабан

lat: Qosúıli mysyqtaban

ө с. <лат. antennaria dioica> Күрделігүлділер тұқымдасына жататын, биіктігі 5–30 см, мамыр-шілде айлары арасында гүлдеп, жемісі шілде-тамызда пісетін көпжылдық шөптесін өсімдік.

Қосүйлі мысықтабанды халық медицинада өкпеден, геморрой түйіндерінен, жатырдaн, мұрыннан, асқазаннан, ішектерден, сыртқы жарақаттардан кеткен қанды тоқтатуға қолданылады (Ә.Iскендіров, Қазақст. дәрілік өсімд.).