lat: Qosa berilgen artılerıa
ә с к. Жауынгерлік міндетті орындау кезінде оларды күшейту үшін жалпы әскери құрамалар мен бөлімдер командирлерінің қол астына уақытша келген артиллериялық бөлімшелер, бөлімдер, құрамалар.
Қоса берілген артиллерияның бағыныштылықтан шығуы жоғары бастықтың өкімімен жүзеге асырылады (Қаз. тілі термин. Әскери.).