lat: Qosh keldiń!
т і л е к. Дер кезінде, дәл уақытында келдің; зәуі түсіп келдің, сәтті келдің (көбінесе сырттан келген кісіге, қонаққа т.б. жылы лебіз білдіру үшін айтылады).
Қош келдің, мейрам – жарқын Май, Гүлдерге толы құшағың (Ж.Молдағалиев, Өлеңд.).
– О, мырза, қош келдіңіз, үйге кіріңіз, – деп, асты-үстіне түсіп жатыр (Ә.Шәріпов, Қапаста.).
Сәлем бердік, қош келіпсіздер, – деп, құлақшынын шешіп, қол алысты (С.Қалиев, Еңбек ері).
Қош келдіңіз, құтты қонағымыз болыңыз (А.Тоқмағамбетов, Шығ.).
Қош келдің, бәрекелді, иә, Жебірейіл, Ғазірейіл маған келді құрып сейіл. Алдынан оның келіп хабар бермей, Айт маған не себепті қалдың кейін?! (Мәшһүр-Жүсіп, Шығ.).