Қозу генерализациясы

lat: Qozý generalızasıaásy

қозу процесінің иррадиациясына (таралуына) негізделген құбылыс. Осының салдарынан уақытша байланыстың пайда болуының алғашқы сатысында шартты реакцияны тек белгілі сигнал ғана емес, оған ұқсас басқа түрткілер де тудыра береді. Генерализация афференттік жəне эфференттік болып бөлінеді. Афференттік генерализацияда түрлі түрткілер белгілі бір реакция тудырады, ал эфференттік генерализацияда белгілі бір түрткі əртүрлі реакция туындатады. Шартты рефлекстің қалыптасуының барысында қозудың генерализация сатысы машықтану (мамандану) сатысына алмасады.