Қозғаушы күш

lat: Qozǵaýshy kúsh

Бір нәрсенің негізі; ұйытқы, мұрындық болатын нәрсе. Өйткені математиканы ілгері дамытып, жетілдіре түсуге итермелейтін қ о з ғ а у ш ы  к ү ш ең алдымен өмірдің өзінен, практикадан, жаратылыстану мен техника мұқтажынан, ең ақырында, математиканың өзінен туып отырған қажеттілік (“Қазақст. мект.”). Әрбір босқа кеткен минутқа да кешірімім жоқ. Бұл менің қаныма сіңген қ о з ғ а у ш ы  к ү ш і м ретті (М.Мырзақұлов, Өмір дастаны).