Қозғыш ұлпалар

lat: Qozǵysh ulpalar

тітіркендіргіш əсерімен физиологиялық тыныштық күйден қозу жағдайына көше алатын ұлпалар. Барлық тірі ұлпаларға қозғыштық қасиет тəн, бірақ физиология «қозғыш ұлпаларға» нерв, ет, без ұлпаларын жатқызады.