Қозы көш жер

lat: Qozy kósh jer

этнографиялық. Шамамен алты-жеті шақырымдай қашықтықты білдіретін халықтық өлшем. Теңізден көз ала бергенде, қ о з ы к ө ш ж е р д е н балықшылар аулының түтіні көрінді (Ә.Нұрпейісов, Қан мен тер). Қолын ұзақ жайып, тілеу тілеп қалған ақ бас әкесін Аман қ о з ы к ө ш ж е р ұзағанша көріп бара жатты (Ғ.Мұстафин, Шығ.).