Құйрықты ядро

lat: Quıryqty ıadro

қыртыс асты немесе базальдық түйіндер құрылымының бірі. Ол ми қыртысы мен таламустың арнаусыз, жалпылама ядроларынан сигналдар қабылдап, өзі бозғылт шар мен қара төсемікке импульстер жіберіп отырады, экстрапирамидалық жүйе құрамына еніп, қимыл-əрекеттерді қалыптастыруға қатынасады. Құйрықты ядроға көптеген қызмет тəн. Ол шартты рефлекстерді, есті, эмоцияларды қалыптастыруға қатынасады.