Құйрықты жұлдыз

lat: Quıryqty juldyz

а с т р. <грек. kometes> Аспанда оқта-текте тұманданған нысан түрінде байқалып, жұлдыздарға қатысты орын ауыстыратын, орта тұсында ядросы бар аспан денесі.

Кометаның жұлдызға ұқсап жарқырап созылған құйрығы бар сияқты болып көрінгендіктен, қазақтар «құйрықты жұлдыз» деп атап кеткен (М.Құдайқұлов, Ғылым. дін туралы).

1826 жылы 28 февральда «Биела» деген оқымыс бұрын ешкім көрмеген, жәй көзге түспейтін кішкене ғана құйрықты жұлдызды тапқан (А.Байтұрсынұлы,.. Оқу құралы).

Мен жарық Жермін Жаңғырықтарға үн қосқан, Төбемді көрсе түн қашқан, Омырауымнан жарқылдап ағып жатады Құйрықты жұлдыз тынбастан (Т.Айбергенов, Мен саған.).