Құдайы қонақ

lat: Qudaıy qonaq

э т н. Жолаушылап келе жатып, кез келген үйге түскен, күтпеген, кездейсоқ жолаушы.

Мен білмейтін байың жоқ, Қайыры жоқ малынан, Зекеті жоқ жанынан Байдың несін мақтайсың? Құдайы қонақ келмеген, Бір аяқ ас бермеген, Бөтен түгіл, өздері Мал рақатын көрмеген (Н.Байғанин, Өлеңд.).

Біздің ауылда күні бүгінге дейін құдайы қонақ келсе де дастарқанын жайып отырып үй иесінің: Жанжігіт атаңның саптаяғына құйып берейін бе, әлде сырлы кесемен сызылып отырып ішемісің? деп сұрайтын әдет бар (Қ.Ысқақ, Күреңсе).

Мәші қаңғырған бір жолаушыны құдайы қонақ деп әлпештеп, шапан жауып, ат мінгізді. Ашақ әлдекімге бір тоғыз нар жетектетті (Ж.Нәжімеденов, Аспан шақырады).