lat: Quda boldy [bolyp, quıryq jesti]
э т н. Біреудің қызын баласына алып берді немесе қызын біреудің баласына күйеуге берді; жекжат болды.
Біреуге біреу жақын жүрейін деп, Құда болар сыр жайын білейін деп. Бір-бірін сүймесе де құда болар, Сонымен партияға кірейін деп (М.Дулатов, Шығ.).
Ел арасында сөз жата ма, ертеңінде-ақ Байбатыр мен Қадырдың құда болғаны ауыл ішіне тарап кетті (С.Жүнісов, Ақан сері).
Бір кезде Кедей, Бегей бірге көшкен, Ерулік, көмек беріп «көрші» дескен. Есжан бай Кейқуаттың атын қалап, Ақыры құда болып, құйрық жескен (Б.Адамбаев, Ақбөбек).