lat: Quda bolyp, quıryq-baýyr jesti
э т н. Құда болу рәсімін істеп, құдаласты.
Біз осы елдің беделді бір ақсақал аулымен бесік құдамыз. Әкең сен бесікте жатқанда олармен төске төс түйістіріп, құда болып, құйрық-бауыр жескен (Ө.Қанахин, Жас дәурен).
Бергені бір қожаның бай баласы, Мал, басқа түгел толған айналасы. Құда боп, құйрық-бауыр жегеннен соң, Басылған бақ күндестік тайталасы (С.Торайғыров, Шығ.).