Құлама жаға

lat: Qulama jaǵa

Сырт киімге салатын жағаның түрі.

Құлахмет ағай сол екпінімен ұзын бойлы, денелі, басында жылт-жылт еткен құндыз құлақшынды, көк елтіріден құлама жаға салынған пальтосы бар кісінің құшағына қурайдай боп қойып кетті (Д.Исабеков, Қара шаңырақ).