lat: Qulaqty jarqanat
з о о л. <лат. plecotus auritus> Дене тұрқы 4–5 см, құлағының ұзындығы дене тұрқымен бірдейге жуық қолқанаттылар отрядына жататын үлкен сүтқоректі жануар.
Үңгірге, үй шарбағына, еден астына денесін қанатымен жауып, аяғымен бір нәрсеге жабысып ұйықтайды. Бір үңгірде мыңдаған, он мыңдаған құлақты жарқанат қыстап шығады (ҚСЭ).
Құлақты жарқанат Орталық және Солтүстік Евразияның барлық жерлеріне дерлік, Солтүстік Америкада, СССР-дің Европалық бөлігіне таралған (М.Шаймарданова, Зоол. қаз.-ор. сөздік).