lat: Qunsyz ken
к е н. Құрамында бағалы заттың пайыздық үлесі өте аз, байыту технологиясының қазіргі даму сатысында өңделуі тиімсіз кен.
Жалпы кен ішіндегі бағалы заттың өңдеуге жарамды деп саналатын ең төменгі мөлшері байыту технологиясының дамуына байланысты өзгеріп отырды. Мысалы, осыдан 50-60 жыл бұрын құнсыз деп саналған кендер қазіргі кезде тиімді байытылуда (Термин. сөзд. Геология).