ҚҰПИЯ

lat: Qupıa

үст. Жасырын, астыртын; байқатпай, білдірмей. Арымды кім сыртымнан жерлемеді, Қаныма қанша жауыз шөлдемеді? Қойныма құпия енген сұр жыландай, Шағасың ысқырып көп сен де мені (1,79). Көңілдер... Көзқарастар тайғанайды, Құпия бірін-бірі аймалайды. Көзқарастар, тек қана көзқарастар, Әрі қарай не болар, ойламайды (2,330).