ҚҰПИЯЛА

lat: QupıaLA

е т. Құпия сыр қылып, жария етпеу, жасыру.

Бақытының таңы мен қуаныш-іңкәрінің көркіне балайтын лүпіл сезімін бар әлемнен құпиялап ұстағысы келеді (С.Сматаев, Ақжелең).

Қатпа бүгінгі сөздерінің көбінде Қасенге қоса Саматты көп түйрейді. Әңгіменің артын құпиялап кеп, үлкен бір мәтінді түйінге соқтыра кеп: Қасен деген осы Саматтың әдейі қолдан жасап алған өтірік белсендісі (М.Әуезов, Шығ.).

Алғаш жұмысқа кіріскен күні Қалмұратқа оңаша шақырып алып, құпиялап кеңескені бар (О.Сәрсенбаев, Бақыт.).