ҚҰПИЯЛЫ

lat: QupıaLY

с ы н. Жасырын, астыртын, жұмбақ сырға толы.

Үлкен кісіден мақтау есіткен балаша кенет құпиялы қуанышқа кеудесі толып кетті (Ә.Нұрпейісов, Сергелдең).

Қауіпті, құпиялы іске Қасым тек батыр Саянды ғана жұмсайтын (I.Есенберлин, Алмас.).

Кенет дәліз түкпірінен біреудің аяқ тықыры шықты. Не керемет екенін, ол әлдебір мен білмес құпиялы ғажайып тәрізденді (М.Асылғазин, Ауылдастар).

Байқалмайды әжім-әжім қыраттар, Қырат көзін жарып шыққан бұлақтар. Бұққан сансыз құпиялы ойларға, Бір тегіс боп көрінеді сайлар да (М.Шаханов, Ғасырлар.).