ҚҰПИЯЛЫҚ

lat: QupıaLYQ

з а т. с ө й л. Құпиялылық.

Менің қызметімде ешқандай құпиялық жоқ. Осы батальондағы дәрігермін (М.Ғабдуллин, Сұрапыл.).

Бірақ өмір деген өмір ғой. Ол өзінің осылай құпиялығымен де күрделі емес пе? (К.Зәкенов, Жанартау).

Бұл да құпиялықты сақтаудың қамы. Сол қимылдарымыздың өздерінің де құпия аты болатын (Қ.Тұрсынқұлов, Олар.).

Бірақ жарық айлы түндердің ыстық сыры құпиялық күйінде қалмады, ол сөз өсек болып, білінген жоқ (М.Әуезов, Таңд.).