lat: Qupıalylyq
з а т. 1. Жасырын сыр, ешкім білмейтін астыртын, жұмбақ іс.
1947 ж. Совет үкіметі атом қаруының ешбір құпиялылығы жоқ деп жариялады (Қ.Аманжолов, Қасиетті борыш).
Вкладтың құпиялылығына, оның сақталуына мемлекет гарантия береді (Қаз ССР азаматтық кодексі).
Жолдағы Қызыл керуенді жұрттың бәрі біледі. Оны жасыра алмайсың, – деп Жарков әлгі сұрағына мән бергісі келмегенді. – Мұнда тұрған ешқандай құпиялылық жоқ қой деймін (Қ.Тоқаев, Соңғы соққы).
2. з а ң. Мәліметтерді авторландырылмаған қатынас құрудан қорғаушылық.
Құпиялылық ақпаратты жабық (қорғалуы тиіс) деп жариялау құқығы (Қаз. тілі термин. Информатика.).