Құп болады

lat: Qup bolady

а) Жарайды, жақсы, мақұл.

Құп болады ! Оныңа үлкен рақмет!.. деп жуандар қалбалаңдап үйден шықты (Ж.Аймауытов, Шығ.).

Құп болады, айтқаныңызды орындаймыз (М.Әуезов, Таңд. шығ.).

ә) ә с к. Бұйрықты алған сарбаздың жауабы.

Жақсы, құп болады. Сонда мен қайда барамын? дедім (М.Ғабдуллин, Сұрапыл.).

Құп болады, майор жолдас, деп, тік тұрып бас изеді Карпов (К.Тоқаев, Тасқын).