lat: Qurǵaý, kebý, degdý, tobarsý, kebersý, sorǵý.
Суы азайып құрғаққа айналу, құрғақсу.
Осы арықтың жері, топырағы қар кетісімен аса тез құрғайды екен (М. Әуезов).
Қалайда күн шығып, жер кебуін тосуға тура келді (Ж. Молдағалиев).
Қар кетіп, көк алғаш тебіндеп шығып, жер дегди бастады (М. Әуезов).
Қыстақ көшелеріндегі толарсақтан асатын батпақ желмен тобарсып, әжептеуір дегдіген екен (3. Жәкенов).
Бұрында, сәуірдің басында-ақ, қар қалмай еріп, жер әп-сәтте дегдіп, кеберсіп қалатын (О. Бөкеев).
Қырман сорғығанша мен сендерге бір әңгіме айтып берейін (М. Мағауин).