Құрамды бөлік

lat: Quramdy bólik

Бір нәрсенің құрамына енетін, соның бөлігі саналатын бөлшегі.

Саяси қызметкерлер әскери кадрлардың құрамды бір бөлігі боп табылады (Ө.Қанахин, Өз ақылы.).

Іскерлікке тәрбиелеу - ақыл-ой тәрбиесі мен адамгершілік тәрбиесінің құрамды бөлігі (Семья тәрбиесі).

Әл-Фараби оның теориялық және практикалық баптарын бір-бірінен бөліп-жармай бір ғылымының құрамды бөліктері ретінде қарайды (А.Көбесов, Математика.).