lat: Qurlyq áskerleri
ә с к. Құрлықта ұрыс қимылдарын жүргізуге арналған Қарулы Күштердің түрі.
Құрлық әскерлері құрлықта өз міндеттерін бір-бірімен және Қарулы Күштердің басқа түрлерімен өзара бірлесіп орындайтын әртүрлі әскер салаларының құрамалары мен бөлімдерінен және арнайы әскерлерден тұрады (Қаз. тілі термин. Әскери.).
Құрлық әскерлеріне мотоатқыштар, танк, әуе десанты, ракета, артиллерия, әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері және арнайы әскерлер, инженерлік, химиялық байланыс, радиотехника, автокөлік, жол әскерлері жатады (ҚҰЭ).
Құрлық әскерлері құрамында әуе шабуылдары, инженерлік, жол және басқа да арнайы әскерлері, сонымен қатар әуе-десант әскерлері болады (Қаз. тілі термин. Әскери.).