Құрлықаралық баллистикалық зымыран

lat: Qurlyqaralyq balıstıkalyq zymyran

ә с к. 5-7 мың км және одан да ұзақ қашықтықтарға ұша алатын баллистикалық зымыран .

Жіберілген кезден бастап жерге түскенге дейінгі құрлықаралық баллистикалық зымыранның ұшу уақты ұшу қашықтығына тікелей байланысты болады. 1000 км-ді 9 минутта, 2000 км-ді 12 минутта, 5000 км-ді 21 минутта және 10000 км-ді 33 минутта ұшу белгіленген (Қаз. тілі термин. Әскери.).

Жер үстімен 1000-10000 км қашықтықта ұшатын құрлықаралық баллистикалық зымыранның ұшу траекториясының биіктігі шамамен қашықтықтың 15-25 %-ын құрайды (Қаз. тілі термин. Әскери.).