Құрмет грамотасы

lat: Qurmet gramotasy

т а р. с о в. Кеңес Одағы кезеңіндегі республиканың ғылым-білім, өндіріс, мәдениет, ауылшаруашылығы салаларына сіңірген ерекше еңбегі үшін берілетін ресми мақтау қағазы.

Мектеп коллективіне Қазақ ССР Оқу министрлігінің Құрмет грамотасымен наградталып, ақшалай сыйлық берілді («Қазақст. мект.»).

Жас шопан бірнеше Құрмет грамоталарымен наградталған («Қазақст. комм.»).