Құрметті атақтар

lat: Qurmetti ataqtar

Қазақстан Республикасының құрметті атақтары қоғамдық айрықша қызметі, еңбектегі үздік жетістіктері мен жауынгерлік ерліктері үшін ел азаматтарына, сондай-ақ шетел азаматтарына да берілетін атақтар.

Құрметті атақтар халық алдындағы адал еңбектерімен топ жарып, ел алдында шыққан республика еңбекшілерінің шығармашылық белсенділігін ынталандыру мақсатымен берілген атақтар (“Қазақ өнері” энцикл.).