lat: Qurylys materıaldary
Үй, ғимараттар салу мен жөндеуде қолданылатын табиғи және жасанды материалдар мен бұйымдар.
Цементтен бетон, темір-бетон, құрылыс ертінділері сияқты құрылысматериалдары жасалады (ҚСЭ).
Сөйтіп жүргенде бастығы істі болды да, құрылысматериалын шопанға сатқаны үшін тергеуге алынды (Т.Әлімқұлов, Шежірелі.).
Құрылыс материалдары пайдалану мақсаттарына қарай іргелік материалдар (шойтас және бетон), қабырғалық (керамика, кірпіш және силикат кірпіш, кеуек керамика, жеңіл бетон, силикат бетон, кеуек бетондар, туф, ағаш), төбелік материалдар (темір-бетон, гипс бетон, бетон тақталары мен панельдер және ағаш тақталар), жұқа қабырғалық материалдар (гипс тақта, кеуек гипс, тақта, кеуек керамика), едендік материалдар (тақтай, паркет, ксилолит, керамика, асфальт-бетон, линолеум, құйма қоспалар), жабындық материалдар (қыш жабын, жабындық тақтатас), т.б. болып бөлінеді (ҚҰЭ).