Құс сүті торты

lat: Qus súti torty

қамыр иленеді, май ерітіліп қант себіледі, араластырылады. Оған бір-бірден жұмыртқа жарылады. Сода сірке суына тұшытылып алдыңғы қоспаға қосылады да, біртіндеп қант себіледі Қамыр екіге бөлініп біреуіне какао қосылады. Майланып кепкен нан ұнтағы себілген табаға екі күлше пісіріледі. Температурасы 180° духовкада шамамен 35 минутта дайын болады.

Салқындаған әрбір күлше екіге бөлінеді. Крем әзірлеу . Сары май қантпен езіледі. Майда жарма ботқасы пісіріледі.

Ұсақ үккішпен лимон қабығы үгілеп салқындаған ботқа біртіндеп май мен қант қосылады. Крем әбден бұлғанып 20 минут тоназатқышқа қойылады.

Осы креммен барлық күлше майланады. Үстіңгі күлше мен торттың жан-жағы жылы шоколад қоспасымен қайнатылып май түйіршіктері салынады да қоюланғанша тағы қайнатылады.