Қыдыру, кезу, тентіреу, аралау, шарлау

lat: Qydyrý, kezý, tentireý, aralaý, sharlaý.

Ел аралап бос жүріске салыну. Үйленіп алғаннан кейін ол үй қыдыруды әдетке айналдырды (Ә. Нұршайықов). Әбден іші пысқан соң, ермек іздеп көше кезуге шығады (Қ. Баялиев). Жұмыс уақытында бүйтіп тентіреп кететіні болмаушы еді (Р. Тоқтаров). Жаяулап дәмін таттым талай елдің, Аралап суын іштім талай жердің (С. Сейфуллин). Еркінді іздеп табайық деп жан-жақты ұзақ шарлап көріп еді, босқа сарылды (А. Байтанаев).