lat: Qyr qustary
с а я т. Қырда жүріп, шалғын шөп, бидайық, бетеге, жусан, тамырдың түбі т.б. өсімдіктерді және құрт-құмырсқа, шегіртке, неше түрлі шыбын-шіркейді қорек етіп, суды сирек ішетін қанаттылар тобы.
Қыр құстары тобына кіретіндер – дуадақ, жорға дуадақ, безгелдек, оқпақ, қарабай, тырна, шыңырау, тарғақ, тағы басқалар (Ә.Марғұлан, Саят құстары).